Елордада курьерге күш көрсеткендерге қатысты тергеу басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылады

Фото ашық дереккөзден

Елордада бірнеше жас жігіт жеткізу қызметінің курьерін ұрып-соққан. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 19:50 шамасында полицияға «Glovo» курьерін ұрып-соғып дене жарақатын салғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады»,- деп хабарлады департаменттен.