$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өткен жылы Шымкентте мемлекеттік сатып алулар бойынша 30 байқау заңсыз өткен

Заңның бұзылғаны туралы уәкілетті органдар да растап отыр

Өткен жылы Шымкентте мемлекеттік сатып алулар бойынша 30 байқау заңсыз өткен
Фото ашық дереккөзден

2021 жылы Шымкентте мемлекеттік сатып алулар бойынша 30 байқау заңсыз өткен. Бұл жөнінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында өткен шарада Қазақстанның электр машина жасаушылар қауымдастығының өкілі Әйгерім Сейдахметова мәселе көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2021 жылы мемлекеттік сатып алу веб-порталында 30 байқауды ұйымдастырушы Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшылық бұйрығымен қатысушылардан өтінім қабылдауды бірнеше рет тоқтатты. Сонымен қатар аталған мекеме бұйрықты веб-порталдың «сот шешімі» немесе «уәкілетті органның шешімі» қосымша бетінде тіркеді. Осылайша, ұйымдастырушы өтінім қабылдауды заңсыз тоқтатып, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзып отыр. Заңның бұзылғаны туралы уәкілетті органдар да растап отыр. Атап айтқанда, ҚР Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 04.04.2022 жылғы және Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 04.07.2022 жылғы хаттары дәлел», – деді Әйгерім Сейдахметова.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу бойынша байқауға өтінім қабылдауды қолдан тоқтатудың салдарынан әлеуеті жоғары қатысушылар оған қатыса алмай қалды.

Серіктес жаңалықтары