Ол бүгінге дейін Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келген
2022 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Абай облысының әкіміне және Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Руслан Данияровты таныстырды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Данияров Руслан Мамытұлы 1972 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауылында туылды. Білімі бойынша - экономист, заңгер. Еуразия нарық институтын, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірді.
ҚР Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы №620-ж/қ бұйрығымен Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.