Павлодар облысы әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның қарамағындағы қызметкер пара алды деген күдікпен ұсталған

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өзінің орынбасары Айзада Құрманованың қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін берген отставкасын қабылдамады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, оған қатаң сөгіс жарияланды. 

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс сияқты әлеуметтік салаларға жетекшілік етеді. 

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты үкім күшіне енгеннен кейін, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес облыс әкімінің орынбасары қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін отставкаға өтініш берді. 

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов отставканы қабылдамады. Дегенмен, ол қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.