Сомалидегі қонақүйде террорлық шабуылдан қаза тапқандар саны отызға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қайтыс болғандардың арасында Сомали Парламентінің Спикері және қонақ үй иесі бар

Фото ашық дереккөзден

Сомалидегі қонақүйде террорлық шабуыл салдарынан қаза тапқандар саны 30 адамға дейін өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті Somali Guardian басылымы хабарлағандай, тағы ондаған адам жарақат алды. Жұма күні радикалды исламдық "Аш-Шабаб" тобының содырлары федералды шенеуніктер жиі кездесулер өткізетін ел астанасы Могадишодағы Hyatt қонақ үйін басып алып, оны бір күннен артық ұстады.

Қайтыс болғандардың арасында Сомали Парламентінің Спикері және қонақ үй иесі бар.