ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 3 адам ауруханаға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апатының мән-жайы анықталуда

Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 3 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 21 тамыз күні «Өскемен Алтай» тасжолында болған.

Тойота автокөлігі мен КамАЗ соқтығысып қалды.

«Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті. Екі адамды жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті. Ал жеңіл автокөліктің 1976 жылы туған жүргізушісіне Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін ол бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген», - делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, ер адамға мойын жарақаты диагнозы қойылды.

Жол апатының мән-жайы мен кімнің кінәлі екендігін тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

Тегтер: