Қазақстандық актриса алаяқтарға алданып, Лаоста еңбек құлдығына түскен

Автор: Azattyq Rýhy

Анельдің туыстары полицияға, Вьетнам, Таиланд елшіліктері және Лаос Сыртқы істер министрлігіне хабарласқан

Instagram/anel.bermaganbet

Қазақстандық актриса Анель Бермағанбетова өзін жұмыс берушілер алдап әкеліп, Лаос штатында күштеп ұстап отырғанын айтты. Қыз өзінің жағдайы туралы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Анель қытайлық компанияда жұмыс істеп, өз брендін қалыптастыру мақсатында Таиландқа ұшып келген. Онда қызға сән-салтанатпен жағдай жасалыпты.

“Таңертең оянып, апатиялық күйде тұрдым, эмоциямды білдірмей, тамаша ауа райын тамашалап қонақүйден шықтым. Жеке жүргізушім күтіп алды. Әуежайға мені алып келді, Чиангарайға ұштық, ары қарай 2,5 сағат бір ауылдан өттік. “Анель, саудаң бітті” дедім өзіме. Төлқұжат бақылау сервисіне келдім, таиландықтар бір-біріне басын изеп, тұлқұжатыма мөр басып елден шықты деп белгілеп берді”, – деп жазады Анель.

Содан кейін Анельді қайыққа отырғызып,  басқа жағаға алып кетеді, ол жерде оны ешкім күтіп алмайды.

"Содан соң жағымсыз қытай келді, бірден алаяқ сияқты көрінді, ПТР тапсырып, қытайлық ер адам мен үшін полицияға ақша төлеп, содан соң қытай тағамымен тамақтандырды. Ол мені компанияның кеңсесіне алып барады. Біз аумаққа кірген бойда мен алданып қалғанымды түсіндім.  Мені бірден талдау тапсыруға жіберді, менің денім сау ма, есірткі қабылдамағанмын ба тексермек болды. Менің бірінші ойым: "Бәрі бітті, енді менің ағзаларымды алады, ал бұл туралы ешкім де білмей қалады. Біз бастыққа барамыз, онда компьютерде жұмыс істейтін адамдар бар үлкен бөлме болды, содан кейін мен бастықтың алдына бардым. Саусақ көлемімен бірдей бір шыны шай құйып, интернеті бар SIM картасын қояды. Күліп қояды, ал мен осының астарында адамдарға деген қатыгездікті көріп тұрмын. Сосын ол сізге жатақхананы көрсетемін деді. Бірақ шарттарда мен екі кісілік бөлмеде тұрамын немесе қонақүй жалдап беретін болған. 8-бөлмені көргенде, мен шошып кеттім де, жылап жібердім. Ол жер лас еді, темекінің қалдықтары, кір, душ жоқ", - деп жазады актриса.

Анельдің туыстары полицияға, Вьетнам, Таиланд елшіліктері және Лаос Сыртқы істер министрлігіне хабарласқан, бірақ қыз осы уақыт ішінде онымен ешкім хабарласпағанын айтады.

"Қазір Лаоста жүргеніме 4-күн болды, мен бір бөлмеде тығылып алдым, ешкімді кіргізбеймін, кеше қытайлықпен мұндай жағдайда жұмыс істемейтінімді айттым, шығындарын өтеп, үйге қайтып кете алатынымды да түсіндірдім. Ол бұл кіріп-шығып жүретін жер емес екенін айтты, сөзінше, осында бір жыл тұруым керек екен. Қатты шошып кеттім. Бұл инвестициялық платформа атын жамылған алаяқтар компаниясы. Мен клиенттермен жұмыс істейтін менеджер жұмысын орындауым керек еді. Белгілі болғандай, бұл жерде олардың жеке жер телімі бар, осылайша олар осындай заңсыз әрекеттерге барады", – дейді ол.

Қызылорда облысының полицейлері ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабының 1-бөлігі (адам ұрлаумен байланысты емес заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, Анель Бермағанбетова 2021 жылдың сәуір айында жарыққа шыққан "Офис за чертой" қазақстандық қорқынышты фильмінде басты рөлді сомдады.