Қызылорда облысында көлік сиырға соғылып, бір адам қаза тапты
Оқиғаның мән-жайлары анықталуда

Қызылорда облысында сиырға соғылған көлікте бір адам қаза тапты. Екі ересек адам мен екі бала дене жарақатымен ауруханаға жетізілді. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Шымкент-Самара тас жолының Қармақшы ауданына қарасты Ақтөбе елді мекені тұсында болған. Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі тасжол үстінде иесіз жүрген сиырға соғылған.
«Жол-көлік апаты оқиғасынан бір жолаушы көз жұмды. Одан бөлек бір әйел, екі кәмелетке толмаған бала дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Ал көлік жүргізушісі алған дене жарақатынан жансақтау бөліміне жатқызылды. Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Мал иесі іздестірілуде.