Атырау тұрғыны 3 келіден астам бекіре тұқымдас балықтың уылдырығымен ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Атырау тұрғыны 3 келіден астам бекіре тұқымдас балықтың уылдырығымен ұсталды. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттен мәлім еткендей, бекіре уылдырығын заңсыз сақтаған тұрғын Қараөзек ауылында ұсталған.

«Бекіре тұқымдас бағалы балықтар қорына заңсыз қол сұғушылыққа қарсы «Бекіре – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау қалалық полиция басқармасы мен №1 қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 34 жастағы тұрғынды ұстады. Одан бағалы бекіре тұқымдас балықтың 3 келіден астам уылдырығы тәркіленді», - делінген хабарламада.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.