Қазақстанда қант бағасы бір жылда 87 пайызға қымбаттап кеткен

Автор: Мира Байбек

Жарты жылда елімізде 149,1 мың тонна қант өндірілді 

Қазақстанда қант өндірісі 9%-ға артса да, баға бір жылда 87%-ға қымбаттап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Energyprom.kz атап өткендей, қаңтар-маусым айларында елімізде 149,1 мың тонна қант өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 9 пайызға артық көрсеткіш.

Өндірістің ең үлкен көлемі дәстүрлі түрде Жамбыл облысына тиесілі болып отыр: бір жылда 16,4%-ға артып, 96 мың тоннаға жетті. Өңірдің Қазақстандағы жалпы өнімдегі үлесі бір жыл бұрынғы 60,3% көрсеткіштен артып, 64,3%-ды құрады.

Қаңтар-мамыр айларының қорытындылары бойынша жергілікті компаниялар қантқа деген сұранысты (ішкі нарықтағы сату мен экспорт) бір жыл бұрынғы 48% көрсеткішке қарағанда, 57,1%-ға қамтамасыз етті.

Импорттың үлесі тиісінше 52%-дан 42,9%-ға дейін азайды. Елге 63,5 мың тонна қант әкелінді, бұл бір жыл бұрынғыдан 38,9% аз көрсеткіш. Ішкі нарықтағы сату көлемі де 25,6%-ға, яғни 147,7 мың тоннаға дейін азайды.
Қаңтар-маусым айларында елімізге 210,6 мың тонна құрақ және қызылша қанты, сондай-ақ 126,4 млн АҚШ доллары көлемінде қатты күйдегі химиялық таза сахароза импортталды.

«Қазақстан ТМД елдерінен 65,3 мың тонна қант пен сахароза импорттады, бұл бір жыл бұрынғыдан 45,7%-ға аз. Импорттың негізгі бөлігі, яғни 62,4 мың тоннасы Ресейден келді. Мұнда да көрсеткіш бір жылда 42,5%-ға төмендеп кеткен», - дейді сарапшылар.

ТМД-дан тыс елдерден Қазақстан 145,3 мың тонна қант импортталды, бұл бір жыл бұрынғыдан 23,9%-ға көп. Қанттың негізгі көлемі Бразилиядан: 107,7 мың тонна жеткізілді, яғни жылдық өсім – 24,1%.

«Шілде айында елімізде қанттың келісі орта есеппен 537 теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 86,6 пайызға қымбат», - делінген зерттеуде.

Қант бағасының қымбаттауын Жамбыл облысының тұрғындары айрықша сезінді: өңірде қант бір жыл бұрынғыдан 2,2 есе қымбаттады. Сондай-ақ Алматы қаласы мен Қарағанды ​​облыстында ба қатты байқалды. Бағаның ең аз өсуі елордада байқалды: 58,3%.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде ең қымбат қант Алматы (581 теңге), Қонаев (555 теңге) және Атырау (554 теңге) қалаларында тіркелді. Ең төменгі баға Ақтөбеде (449 теңге) болды.