КХДР президенті Ким Чен Ынның әпкесі бұл ұсынысты қабыл алмайтынын мәлімдеді
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның әпкесі Ким Е Чжон Оңтүстік Кореяның КХДР экономикасын жақсарту жөніндегі «батыл жоспарын» қабылдамайтынын айтты. Бұл туралы Рёнхап ақпараттық агенттігі хабарлады.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель 15 тамызда Тәуелсіздік күніне орай сөйлеген сөзінде Сеулдің Солтүстік Кореяның экономикасын кезең-кезеңімен жақсарту жөніндегі «батыл жоспарын» жүзеге асыру туралы уәдесін растады.
Оңтүстік Корея экономиканың, энергетиканың, сауданың, ауыл шаруашылығының және КХДР-дың басқа салаларының дамуына айтарлықтай ықпал етуге дайын екенін мәлімдейді. Алайда бұл ретте Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартуы тиіс.
Өз кезегінде КХДР президенті Ким Чен Ынның әпкесі бұл ұсынысты қабыл алмайтынын мәлімдеді.
«Болашақта олар тағы қандай идеямен есікті қағатынын білмеймін, бірақ біз олармен ешқашан ешқандай келісім жасамайтынызды айтқым келеді», - деп мәлімдеді Ким Е Чжон.
Айта кетейік, Ким Е Чжон Солтүстік Кореяның еңбек партиясы Орталық Комитетінің үгіт-насихат бөлімі директорының орынбасары қызметін атқарады және агенттіктің мәліметінше, кореяаралық қатынастарға жетекшілік етеді.