Ұлттық банк 19 тамызға арналған доллар бағамын белгіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Жұма күні доллардың ресми бағамы 475.94 теңгеге тең болды

Фото: kapital.kz

 Қазақстанның Ұлттық банкі 19 тамызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, яғни жұма күні доллардың ресми бағамы 475.94 теңгеге тең болды.

Айта кетейік, америкалық валютаның 18 тамыздағы ресми бағамы 476,2 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 7,83 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 475 теңгеден сатып алынып, 480 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 472 теңгеден сатып алынып, 478 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 475.94 (АҚШ доллары) 

EUR / KZT – 483.98 (еуро)

RUB / KZT – 7.94 (ресейлік рубль)

GBP / KZT – 574.41 (фунт стерлинг)

TRY / KZT – 26.5 (түрік лирасы)

UAH / KZT – 12.91 (украин гривниі)

CNY / KZT – 70.09 (қытай юані)

KGS / KZT – 5.88 (қырғыз сомы)

AED / KZT – 129.59 (БАЭ дирхамы).