$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ішімдік ішкен 17 жастағы Тараз тұрғыны бөтен біреудің көлігін айдап әкетті

Ол тәртіп сақшыларынан қашпақ болғанда цемент қапталға соғылған

Ішімдік ішкен 17 жастағы Тараз тұрғыны бөтен біреудің көлігін айдап әкетті
фото: Polisia.kz

Ішімдік ішкен 17 жасар жамбылдық біреудің көлігін айдап әкеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарысу ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі патрульдеу кезінде Жаңатас қаласының орталық көшелерінің бірінде қозғалысы күдік тудырған автокөлікті байқаған. Аталған көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы ескертуін елемей, бағытын өзгертіп қашпақшы болғанда жол шетіндегі цемент қапталға соғысқан.

Құқықбұзушы кәмелетке толмаған Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ оның біреудің көлігін ұрлап айдап кеткендігі және масаң күйде болғаны анықталды.

Алайда иесі көлігінің ұрланғандығынан хабарсыз болған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (Автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сиымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар оған ҚР ӘҚБтК 608-бабы 8-бөлігімен хаттама толтырылды. Қазіргі таңда ол Жамбыл облыстық Білім басқармасының қызметкерлерімен Тараз қаласындағы Жасөспірімдер үйіне жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары