Ол 28 жыл бұрын қарақшылық жасаған деп айыпталуда
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері іздеуде жүрген Тәжікстан азаматын ұстады деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдікті 1992 жылы өз елінде қарақшылық шабуыл жасап, сол күйі құқық қорғаушыларға ұстатпай кеткен екен. Петропавлда ол үйсіз қаңғыбастарды тексеру барысында ұсталған.
«Петропавл қаласының полицейлері күн сайын жылу құбырларының маңайын, жертөлелер мен шатырларды, құдықтарды және тастанды ғимараттарды тексеріп, үй-күйсіз жүрген адамдарды (БОМЖ) ұстайды және кім екенін анықтайды. Күніне шамамен 8-9 адамды полиция бөлімшесіне әкеліп тексереміз, олардың қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын аныұқтаймыз», - дейді Петропавл қалалық Полиция басқармасының өкілі Павел Ющенко.
Осындай тексерулердің тәртіп сақшылары жуырда Тәжікстан азаматын қолға түсірген. Оған 1992 жылы қарақшылық қылмысын жасады деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған.