Астанада қатты көктайғақ болады - синоптиктер

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті ескеру жариялады

Астанада қатты көктайғақ болады - синоптиктер
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер Нұр-Сұлтан қаласында қалың қар жауады және ауа температурасы жоғарылайды деп болжайды. Бұл өз кезегінде жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарында көктайғаққа әкеп соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Осыған байланысты, Полиция департаменті барлық көлік құралдарының жүргізушілеріне жолдарда, әсіресе оқу мекемелерінің, қоғамдық көлік аялдамаларының, жаяу жүргіншілер өтпелдерінің жанында мұқият болуларын, сонымен қатар жылдамдық режимін, арақашықтықты және Жол жүру ережесінің басқа да талаптарын сақтауды сұрайды», - деп жазылған хабарламада.

Жаяу жүргіншілер жолды кесіп өткен кезде автокөліктердің ылғалды және тайғақ жоларда бірден тоқтай алмайтынын ескеруі қажет.

«Өзіңізді жол-көлік оқиғаларының және құлаудың салдарынан туындайтын қауіптен сақтаудың жалғыз әдісі - өте мұқият болу және асықпау», - дейді Полиция департаментінің өкілдері.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.