Мексикада қылмыстық топ полицейді ұрлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Мексиканың бас прокуратурасы бұл фактіні растады

фото: www.aa.com.tr

Мексиканың Сан-Луис-Потоси қаласында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 4 полицейді ұрлап кетті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мексикалық БАҚ-тың хабарлауынша белгісіз біреулер Моктесума елдімекенінде қауіпсіздік күші қызметкерлеріне шабуыл жасаған.

Бұған қоса қылмыскерлер полицейлердің бірнеше көлігін өртеп жіберген. Мексиканың бас прокуратурасы полицейлерге шабуыл жасалғанын растады. Олардың қай жерде екенін анықтау жұмыстарына авиация мен әскерилер тартылған.