Қырғыстанның экс президенттері Құрманбек Бәкиев пен Алмазбек Атамбаевтың үйінде мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы ашылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.
Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон министрлігінің деректеріне қарағанда, елде 200 мыңға жуық кемтар жан бар, олардың 35 мыңы жасы 18-ге жетпеген балалар.
«Елде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға толыққанды оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуде қиындықтар бар. Сол үшін Қой таш ауылындағы Алмазбек Атамбаевтың және Жібек жолы даңғылы бойында орналасқан Құрманбек Бәкиевтің мемлекеттік меншікке өткен үйінде тәулік бойы жұмыс істейтін балаларға арналған оңалту орталығы ашылады», - делінген хабарламада.