Облыстық сәулет-құрылыс басқармасы ол аумақта көпқабатты тұрғын үй салуға болмайды, тек жер үйлер ғана салынуы керек. Сол себепті бұл үй сүрілетін болады деп отыр
Атыраудағы билік өкілдері құрылысы аяқталған 4 қабатты тұрғын-үйді сүріп тастамақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Atameken Business-ке сілтеме жасап.
Соңғы тиынын санап, баспанаға құйған 25 отбасы күздің қара суығында далада қалмақ.
Ашынған жұрт бүгін дәл сол нысанның алдына жиналып, сот шығарған шешімге наразылық білдірді.
Құрылысы толық бітіп тұрған 4 қабатты үй не үшін сүрілмек?