Ақтауда пәтерден ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті қамауға алынды

Ақтауда 14 шағын аудандағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында 102 кезекші пультіне екі адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру түсті.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды. 28 жастағы күдікті «ізін суытпай» анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді», - деп көрсетті ведомствоынң баспасөз қызметі.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүргізілуде.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.