Ауа райы: бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Автор: Azattyq Rýhy

Тек солтүстік аймақтарда жаңбыр жаууы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 17 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ауқымды солтүстік-батыс антициклоны әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сонымен қатар температуралық фон біртіндеп төмендей бастайды. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында өте қатты ыстық болады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысы, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау, Ақтөбе, Алматы облыстарының шығысында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының Бескарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.