1978 жылы туған жергілікті тұрғын ішімдікке мас болып, полицияға жалған хабар берген
Талдықорғанда полиция департаменті ғимаратына «бомба қойған» азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сағат 18:30 шамасында Талдықорған полициясының Жедел басқару орталығына облыстық полиция департаменті әкімшілік ғимараттарының біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы қоңырау түскен.
«Ғимараттағы қызметкерлер эвакуацияланды. Оқиға орнына саперлар, кинологтар және басқа да мамандар шақырылып, мекеменің іші түгел тексерілді. Ақпарат расталмады. Анонимді қоңырау шалушы анықталды. Ол 1978 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді», - деп хабарлады Жетісу облысы ПД баспасөз қызметінен.