Марқұмның жеке тұлғасы анықталды
Алматы қаласында Розыбакиев көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің 25-қабатынан әйел құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ-нің telegram-каналына сілтеме жасап.
«Кешкі уақытта 102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі ТК-нің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адамның құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды. Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп көрсетті ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.