Саладағы барлық реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі жол картасы бекітілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов мәлім етті, деп хабарлайдыAzattyq Ruhy.
Оның айтуынша, осы жұмыстың қорытындысы бойынша ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі жол картасы бекітілді.
«Ол ветеринарлық дәрігерлердің мәртебесін анықтау; ветеринария саласындағы цифрландыру және автоматтандыру; ветеринария саласында кадрлар даярлау; жергілікті жерлерде мал дәрігерлерінің жалақысын арттыру; ветеринариялық қызметтер деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату; Қазақстанның ветеринария саласындағы заңнамасын халықаралық стандарттармен үйлестіру сынды шараларды қамтиды. Жоғарыда аталған барлық реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр, бұл Қазақстанның ветеринариялық қызметінің тиімділігін арттыруға және оны жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», - деді спикер.