Елордада жол талғамайтын көлік жүргізушісі кішкентай баланы қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды

Елордада қайғылы жағдайда бала көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

16 тамызда сағат 11:38-де Е-251 көшесіндегі үйдің ауласында көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Land Cruiser 200 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлікті қою кезінде баланы қағып кеткені анықталды. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілерге қырағы және барынша мұқият болу, жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген орындарда ғана кесіп өту қажет.