Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы қызметіне тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Жұманғаринді Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы етіп тағайындады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 15 тамыз

№ 981