Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановты қызметінен босатты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.