$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Болат Назарбаев сотта бұрынғы әйелінен жеңіліп қалды

Олар 2009 жылы шаңырақ көтерген

Болат Назарбаев сотта бұрынғы әйелінен жеңіліп қалды
Фото ашық дереккөзден

Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Гүлнұр сот арқылы экс-күйеуінің тегін заңды түрде иемденіп алды. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі алқа сотының судьясы Зәуре Кейкібасова Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Гүлнұр мен Алматы облысы Жамбыл ауданының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің үстінен түскен арызды қарады. Арызды Болат Назарбаевтың өкілі жазған. Арызда Болат Назарбаев сот арқылы кәмелет жасына толмаған екі баласының анасын тегінен, яғни Назарбаев тегінен айырғысы келген.

Болат Назарбаев пен Гүлнұр Дүйсебаева 2009 жылдың 25 тамызында Алматы облысы Жамбыл ауданының неке қию бөлімінде некеге тұрған. Олардың кәмелет жасына толмаған екі баласы бар. Неке тіркелген соң келіншек күйеуінің тегін алып, 2013 жылы Гүлнұр Назарбаева атты аты-жөнмен жеке куәлік, 2018 жылы төлқұжат иеленген.

2021 жылдың 18 наурызында Қарасай ауданының соты олардың некесін жарамсыз деп таныған. Неке бұзылған соң Болат Назарбаев бұрынғы әйелінен өзінің тегін тартып алғысы келіп, соттан келіншектің жаңа құжаты мен тегін жоюды сұраған. 2021 жылы 28 қыркүйекте сот Болат Назарбаевтың арызын қанағаттандырған.

Алайда Алматы облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бұл шешімді жоққа шығарып, Гүлнұр Назарбаеваны осы тегінде қалдырған. Ал Болат Назарбаев бұл шешімге қанағаттанбай, істі Жоғарғы сотқа дейін апарған.

Дегенмен судья Кейкібасова бұл істі Жоғарғы сотта қарайтындай негіз жоқ деп, әуел бастағы сот шешімін күшінде қалдырған.

Серіктес жаңалықтары