16-18 тамыз аралағында республика бойынша ауа температурасы біршама төмендейді
«Қазгидромет» РМК 16-18 тамыз аралағында ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктер болдамынша, алдағы үш күнде республика бойынша ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
«Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, алдағы тәуліктерде ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін, аптаның ортасына қарай температуралық фон біртіндеп төмендейді.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2°с-қа дейін үсік күтіледі», - дейді мамандар.
Сондай-ақ еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады.
Жалпы республика бойынша ауа температурасы біршама төмендейді:
- батыста түнде + 15+28°С, күндіз +30+40°С;
- солтүстік-батыста түнде +3+12°С, күндіз +15+25°С;
- солтүстікте түнде +2+7°С дейін, күндіз +12+17°с дейін;
- орталықта түнде +3+12°с дейін, күндіз +13+23°С дейін;
- шығыста түнде +2+11 °С дейін, күндіз +12+20°С дейін,
- елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10 + 18°С;
- таулы аудандарда + 3+8°С болады.