$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада бір айға жетер-жетпес уақытта 100-ден астам мас жүргізуші ұсталды

Коммуналдық тұраққа 420 автокөлік орналастырылды

Астанада бір айға жетер-жетпес уақытта 100-ден астам мас жүргізуші ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Елордалық полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 112 жүргізушіні мас күйінде, бұрын басқару құқығынан айырылған 18 жүргізушіні ұстады. Сол сияқты 340-тан астам жүргізуші жаяу жүргіншілердің қозғалысына басымдық бермеген. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері (19 шілде мен 18 тамыз аралығы) 15 100-ден астам ЖҚЕ бұзушылық анықталды. Коммуналдық тұраққа 420 автокөлік орналастырылды.

Мамандандырылған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «TOYOTA» маркалы автокөліктің 41 жастағы жүргізушісін ұстады. Куәландыруға сәйкес, ер адам мас күйінде болған.

«Құжаттарды тексеру барысында жүргізуші мас күйінде болып қана қоймай, көлік құралын басқару құқығынсыз тізгіндегені анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, бұл 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды және мас күйінде көлік жүргізбеуді ескертеді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары