Бос жатқан және қолданыстағы заңнаманы бұза отырып берілген 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады
Жыл басынан бері 1 млн 119 мың га жерді мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жыл басынан бері 1 млн 119 мың га жерді мемлекетке қайтарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Былтыр көрсеткіш 400 мың га. көрсеткен болатын.
«Қазіргі уақытта 2 млн 94 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізілуде, прокуратура органдарында 698,4 мың га жерді тексеру бойынша 48 өтініш тіркеу сатысында тұр», - деді министр.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері әкімдіктердің учаскелерді заңнама талаптарын бұза отырып берген 74 фактіні анықталды.
«Сонымен қатар, мал жаю үшін 16 млн га көлемінде жайылымдардың жетіспеушілігі байқалады, бұл жағдай мал басының қысқаруына және ауылдағы әлеуметтік наразылықтың өсуіне алып келеді», - деп толықтырды Ербол Қарашөкеев.