Гарда Италиядағы ең үлкен көл
Италияның солтүстігінде орналасқан Гарда көлі құрғақшылықтың салдарынан тартылып қалды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Көл суының температурасы Кариб теңізінің көрсеткішіне жеткен.
Агенттіктің хабарлауынша Италияның солтүстігінде бірнеше айдан бері мүлдем жаңбыр жаумаған, ал қыста әдеттегіден 70% аз қар жауған.
Биыл Еуропаның көптеген елдері, атап айтқанда Ұлыбритания, Германия Испания, Нидерланды, Франция құрғақшылық зардабын тартып отыр. Тіпті кейбір аймақтарда суды тұтынуға шектеу қойылды.