Қытайда әлемдегі алғашқы аспалы теміржол іске қосылды

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай теміржолдың құрылысына жұмсалатын қаржы метро желісі құрылысына қажетті қаржының 10-нан бір бөлігін ғана құрайды

фото: 3dnews.ru

Қытай Орталық телевизиясы елде әлемдегі алғашқы аспалы теміржол пайдалануға берілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy mir24.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Теміржол Қытайдың оңтүстігіндегі Цзянси провинциясында ашылған. Оның ұзындығы 800 метр, жер бетінен 10 метр биіктікте орналасқан. Механизм үздіксіз магнит өрісі негізінде жұмыс істейді және 88 жолаушыға арналған құраманы көтере алады.

Цзянси ғылым және технология университеті зерттеушілерінің айтуынша пойыз қозғалысы үшін үйкеліс болмаған жағдайда аздаған электр энергиясы жеткілікті.