40 жастағы қала тұрғынына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Қызылорда облысында сексеуілді кескен қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер Volvo жүк көлігін тоқтатып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан көлемі 3 кубты құрайтын заңсыз кесілген сексеуіл тапқан.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.