Алматыда көлік нөмірі мен адамның бет-бейнесін анық көрсететін камералар орнатылады

Автор: Azattyq Rýhy

Тиісті құжат «Ашық НҚА» сайтында талқылауға шығарылды

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда адам көп жиналатын орындарға бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу ережелері әзірленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматы қаласының бірыңғай видеомониторинг жүйесі – қала бойынша бейнекескіндерді жинау, өңдеу мен сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы. Ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі видеомониторинг ұлттық жүйесінің өңірлік бөлігі. Ол қала мәселелерін шешуде видеосараптама қалыптастыру функцияларын атқарады», - делінген құжатта.

Құжат ашық НҚА веб-сайтында 19 тамызға дейін талқыланады.