Алдағы тәулікте корольдіктің бірқатар ауданында күн қатты ысиды
The Times газеті Ұлыбританияда аптап ыстық өлім-жітім көрсеткішінің артуына себеп болуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Басылымның хабарлауынша алдағы тәулікте корольдіктің бірқатар аудандарында ауа температурасы +37 дейін жоғарылайды.
«Рекордтық ауа температурасы тіркелмесе де осының өзі өлім-жітімнің артуына әкеп соғуы мүмкін», - деді гидрология университетінің профессоры Рединга Ханна Клок.
Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің профессоры Антонио Гаспарринидің есептеуінше 17-19 шілде аралығында сынап бағанасы +40 градус ыстықты көрсеткенде елде 950-ге жуық адам көз жұмған.