Оқиға "Балқаш-Гүлшат" тасжолында орын алды
Қарағанды облысында жеңіл көлік жүргізушісі жолдағы ескерту белгілеріне қарамастан, жолдың жөнделіп жатқан бағытына шығып, жол жөндеумен айналысып жатқан Shacman жүк көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға 12 тамыз күні түнгі сағат 2.00 шамасында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында «Балқаш -Гүлшат» тасжолында орын алды.
65 жастағы Subaru автокөлігінің жүргізушісі жол жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан Shacman жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Subaru автокөлігінің жүргізішісі және оның екі жолаушысы оқиға орынында қаза тапты.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 4 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.