Нұрсұлтан Назарбаев елордада жаңа мешіттің ашылуына қатысады

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа мешіттің сыйымдылығы 30 мың адамға есептелген

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев астанада жаңа мешіттің ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісінде жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан астанасындағы Бас мешіттің ашылу салтанатына қатысады», - деп жазды Айдос Үкібай.

Айта кетейік, Қабанбай батыр даңғылы мен Мәңгілік Ел арасында орналасқан мешіттің сыйымдылығы 30 мың адамға есептелген. Бұл – еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт.