Батыс елдері Украинаны қолдауға тағы қаражат бөлгелі жатыр
Батыс қару-жарақ алу үшін Украинаға 110 млн еуро субсидия бөлмек
Батыс елдері Украина астанасының әскери қажеттілігіне 1,5 млрд еуро бөлуге дайын екенін жеткізсе, экономикасы тұралап жатқан Ливанда халық өз ақшасын өздері ала алмай отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап.
Данияда Украина демеушілерінің конференциясы өтіп, оған жиналған тараптар Киевтің әскери керек-жарағы үшін 1,5 млрд еуродан астам қаражат жинап береміз деген уәдеге тоқталды. Бұл туралы Euronews жазып отыр. Дания мен Украина ұйымдастырған конференцияға Ұлыбритания, АҚШ елдерін қосқанда, 26 мемлекеттің өкілдері қатысқан.
«Украинаны қару-жарақ, әскерилерді оқыту мен ел аумағын тазарту жағынан әлі де қаржылай қолдау керек. Бүгін қазіргіден де көп субсидия бөлу туралы келісімге келеміз деп ойлаймын. Дания да өз үлесін қосуға дайын. Бүгін қару-жарақ, техника мен әскерилерді оқыту үшін 110 млн еуро көлеміндегі жаңа субсидия бөлетінімізді жариялаймыз», - деді Данияның премьер-министрі Метте Фредериксен.