12.08.2022, 01:56
Жаңалықтар
Ақтөбеде халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұстады
Күдікті дереу Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жеткізілген
Фото ашық дереккөзден
Ақтөбеде Ұлттық ұлан қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 10 тамыз күні сағат 21:40 шамасында 6655 әскери бөлімінің қызметкерлері масаң күйде тұрған күдікті азаматты тоқтатып, құжаттарын тексерген. Нәтижесінде ер адамға Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары іздеу жариялағаны анықталады. Сондай-ақ, күдіктіге елімізде де Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-тармағы (Алдын ала сөз байласу арқылы ұрлық жасау) бойынша іздеу салынғаны белгілі болды.
Ұлттық ұланның хабарлауынша, күдікті дереу Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жеткізілген.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
Бүгін, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
