Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын өткіздік. Комиссия мүшелері әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 25 жұмысты қарады. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды», - деді Е.Қарин.