Қашаған кен орнының жұмысы қайта жанданды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Солтүстік Каспий операциялық компаниясы мәлім етті

Фото: ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі

Қашаған кен орнының жұмысы қайта жанданды. Бұл туралы Солтүстік Каспий операциялық компаниясы (NCOC) мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Тамыздың 9-ынан 10-ына қараған түні құрлық және теңіз нысандарында өндіріс біртіндеп қайта іске қосылады», - делінген компанияның Facebook-тегі парақшасында.

Бұл жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде шектеулі көлемде газ жағылмақ.

«Газ жағу — Қашаған кен орнын игеру жобасындағыдай күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс және ол шектелген уақыт аралығында үзілмелі режимде жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2 тамызда Қашағанда мұнай өндіру тоқтатылғаны, кейін ондағы жөндеу жұмыстарының аяқталғаны хабарланған болатын.