10 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің батыс аймағында қатты ыстық сақталады

Фото: pixabay.com

 Синоптиктер 10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, орталығында, солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай, екпінді жел соғады, күндіз уақыттарда бұршақ және оңтүстік-шығысында дауыл болуы ықтимал. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде түнде және таңертең шаңды дауыл болады », - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, қатты ыстық сақталады, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында тқтенше өрте қаупі сақталады.