Марқұм бағдаршамның «қызыл» түсіне өтпек болған
Алматының орталығында болған жол көлік оқиғасынан 1 адам қайтыс болып, сегіз адам жарақат алды деп хабарлады СТВ телеарнасы.
Апат Желтоқсан мен Әйтеке би көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, BMW автокөлігі бағдаршамның «қызыл» түсі жанып тұрғанына қарамастан қиылысты жоғары жылдамдықпен кесіп өтпек болған. Алайда, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, Renault и Volkswagen автокөліктерімен соқтығысты.
Жол апатынан BMW көлігінде болған жолаушы ауруханада қайтыс болды. Тағы сегіз адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.