Батыс Қазақстанда 50 млн теңгенің қара уылдырығын Ресейге өткізбек болған жүргізуші ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүріп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында қазақстандық жүргізуші 50 млн теңгенің қара уылдырығын Ресейге алып өтпек болған. Бұл туралы ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шекара қызметінің мәліметінше, оқиға 6 тамыз күні «Сырым» автокөлік өткізу бекетінде болды.

«Сағат 05.30-да құрамында кіші сержант Жандос Нармат, ефрейтор Әлішер Мақанов бар шекарашылар жасағы қазақстандық азамат М.Хашимов айдап келе жатқан жүзім тиелген «Вольво» көлігін тексерген. Сол кезде жүзімнің астынан скочпен оралған 8 қорап шықты. Бәйтерек ауданы полиция бөлімінің жедел тергеу тобы, БҚО полиция департаменті табиғат қорғау полициясы және шекарашылар жасағымен бекіре балығының қара уылдырығы салынған 399 банка табылды. Алдын ала есеп бойынша оның жалпы салмағы – 100-120 кг, құны – 50 млн теңге. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүріп жатыр», - делінген хабарламада.