Оқиғаға байланысты тергеу жүргізілетін болады
Екібастұзда разрезде жұмыс істеп жатқан механик қаза тапты. Бұл туралы Pavlodarnews.kz порталы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 11:35-те «ЕЭК» АҚ «Восточный» разрезінде адам өлімімен аяқталған апат болған. Қайтыс болған адам циклдік ағынды жабын учаскесінде электромеханик болып жұмыс істеген.
«Жөндеу жұмыстары кезінде барабанның айналма білігі ығысып, бос барабанның айналма білігі электромеханикті металлқұрылымын тасыған № 1 ұсақтау цехының тіреуішіне қысып қалған», - делінген хабарламада.
1980 жылы туған ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Ал облыстық еңбек басқармасы қайғылы жағдайға қатысты тергеу ұйымдастырылғанын мәлім етті.