Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, қатты жел соғады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың батыс аумағында ыстық сақталады

Фото: rasfokus.ru

 Синоптиктер 9 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, орталықта, күндіз солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, күндіз бұршақ жауып, оңтүстік-шығыста дауыл соғады. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде таңертең және күндіз шаңды дауыл болады », - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Ұлытау ауданының солтүстігінде, шығысында Ақмола облысының шығыс жартысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады, Атырау облысында қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрте қаупі сақталады.