Ардақ Қаңтарбаев 2020 жылдың қыркүйегінен бері Екібастұз қаласының әкімі қызметін атқарды
Екібастұз қаласының әкімі қарамағындағы қызметкерінің жемқорлық әрекеті үшін қызметінен кетті. Бұл туралы Павлодар облысының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов оның отставкасын қабылдап, Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаевты қызметінен босатты.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, қала әкімі Ардақ Қаңтарбаев өзінің тікелей қарамағындағы, қала әкімінің экс-орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қызметінен кету туралы өтініш берген.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес Екібастұз қаласының әкімі қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметінен кетті. Осылайша 2022 жылдың 8 тамызында ол қызметінен босатылды», - делінген әкімдік хабарламасында.
Ардақ Қаңтарбаев 2020 жылдың қыркүйегінен бері Екібастұз қаласының әкімі қызметін атқарды.