Алматыда автобуста бұрынғы әйелін пышақтамақ болған ер адам қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Алматыда автобуста бұрынғы әйелін пышақтамақ болған ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, аталған факті ҚР қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Прокуратураның келісімімен, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақпен шабуылдағаны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, бүгін Алматы әкімі әйелді құтқарған Райымбек Медетбекті марапаттап, ноутбук сыйлады.