Кәсіпкердің өлімі: күдіктілердің ұсталған сәті түсірілген видео жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар саяжайлардың бірінде қолға түсті

Полицейлер кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірген күдіктілердің ұсталған сәті туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Видеодан екі адамның кісендеулі күйі жатқанын, ал оның қасында полицияның арнайы жасағының бірнеше қызметкерін көруге болады. Көп ұзамай күдіктілерді арнайы көлікпен алып кетеді.

Айта кетейік, оқиға 6 тамыз күні болған. Күдіктілер жайлы мәлімет те көп ұзамай анықталды. Олар: 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді. Қанды оқиғадан кейін екеуі де ізін суытқан.

Құқық қорғау органдары хабарлағандай, олар саяжайлардың бірінде қолға түсті.

Арнайы өткен брифингте іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қайта сараланғаны айтылды. Онда 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Қолға түскен күдіктілердің мұндай әрекетке неліктен барғаны тергеліп жатыр.