Жамбыл облысында арақ шығарып келген астыртын цех анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тінту кезінде 3 мың литрге жуық алкоголь өнімі тәркіленді

ҚМА Жамбыл облысының мәліметінше департамент қызметкерлері контрафактілік есепке алу-бақылау маркаларын қолданып, жасанды алкоголь өнімін өндіретін цехты анықтады. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тінту кезінде 3 мың литрге жуық алкоголь өнімі, 36 мыңнан астам бөтелке арақ, жалған есеп-бақылау маркалары, қақпақтарды жабуға арналған құрылғылар тәркіленді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.